BasNewsЖаңалықтар

Астанада ЕХРО көрме орталығының аумағынан өрт шықты

Астанадағы «QazExpoCongress» ғимаратындағы өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Өрт туралы ақпарат 16 қазанда 16:22-де келіп түскен.

«16 қазан күні сағат 16-22-де Астана қаласы ТЖД бөлімшелері жоғары қоңырау шалу нөмірі бойынша Мәңгілік Ел даңғылы 53/2, «QazExpoCongress» компаниясында болған өртке шықты.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін мұрағат кеңсесі мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрттің аумағы 40 шаршы метрге тең. Сондай-ақ 4 шаршы метр алаңда ғимараттың төбе бөлігі (жаппасы) өртенгені анықталды. Өрт сағат 16.44-те өрт сөндірушілердің күшімен оқшауланып, сағат 17.19-да толығымен сөндірілді», – делінген хабарламада.

Құтқарушылардың мәліметінше, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button