BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда ер адам биіктен құлап мерт болды

18 қазанда сағат 14:37-де Павлодар полициясына Назарбаев даңғылы, 89/2 үйдің ауласында жоғарыдан құлаған ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 

Марқұм 33 жаста болған.

«Аталған мекен-жайға жедел-тергеу тобы аттанды. Ер адамның жеке басы анықталды, ол облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі – «Суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптамалар тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button