BasNewsЖаңалықтар

Атырауда атыста бір адам мерт болып, 2 адам жарақат алды

Атыраудағы атыстан бір адам мерт болды. Екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 21 қазанда түнде Атырау қаласында болған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының 102 операторына сағат 04:14 шамасында облыстық ауруханадан кеудесінде оқ жарақаты ер адамның мәйіті жеткізілгені туралы хабар түсті. Оқ жарақатынан мерт болған адамның жасы – 21-де. Сонымен қатар ауруханаға 18 және 19 жастағы екі адам оқ жарақатымен жеткізілген. Олар оқ бытырасынан жарақат алған. Қазір екеуі де облыстық ауруханада жатыр», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Атыс Атырау-2 шағын ауданында бір топ жігіттің арасында өзара келіспеушіліктен соң болғаны анықталды. Қақтығысқа қатысқан барлық адам анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік-кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button