Шымкентте лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтуде
Ағымдағы жылдың 22 казанында сағат 10–00 мен 12-00 аралығында Шымкент қ. Актас елді мекенінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабында терроризмнің алдын алу және оның зардаптарын жою мақсатында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтуде.
Іс-шараның мақсаты – террористік көріністерге төтенше жағдайларды жою, террористік актілердің салдарын барынша азайту және жою тапсырмаларын орындау үшін жеке құрамның практикалық дағдылары мен құралдарын дамыту.
Жаттығулар күрделіліктің әртүрлі элементтерімен күресу жағдайларына барынша жақын. Жеке құрам мен арнайы техниканың айтарлықтай саны жұмылдырылған.
Шектеу шаралары қарастырылған, оның ішінде жоғарыда елді мекендерде көлік құралдарының қозғалысына да қатысты.
Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.