BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан шекарасынан 20 ауған азаматы заңсыз өтіп кеткен

Қазақстан шекарасынан Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу фактісі анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі Орта Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетелдік азаматты 1,5 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны алу кезінде ұстады.

«Жүргізілген тінту нәтижесінде бірнеше қазақстандық ұйымның мөрлері, 20 ауғандық төлқұжат, туу туралы куәліктер мен ҚР азаматтығы мен елде тұруға ықтияр хат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар алынды», – делінген хабарламада.

Аталған факт қылмыстық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button