BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысында мемлекеттік шекараны бұзғандар ұсталды

Жамбыл облысында шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған азаматтарды қолға түсірді, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“ 22 қазанда «Жасөркен» шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады», – делінген дүйсенбі күні тараған ақпаратта.

Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button