BasNewsЖаңалықтар

21 қыркүйектен бері 200 мыңнан аса шетелдік ЖСН алуға өтініш берген

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов 21 қыркүйектен бері 200 мыңнан аса шетел азаматының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін өтініш бергенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Вице-министрдің сөзінше, Қазақстанда жұмыс істеп, банк шотын ашқысы келетін шетелдіктен ЖСН алуға міндетті.

«21 қыркүйектен бастап 200 мың өтініш келіп түсті. Мұның барлығы шетелдіктер», – деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылдың наурызында Қазақстанда ЖСН алған ресейліктер саны өткен жылмен салыстырғанда 14 есеге өскен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button