Тимур Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған.
Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген.
Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.
2010 жылы – «Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарды.
2013-2014 жылдары – «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының» президентi.



