Жаңалықтар

Сапалы біліммен ғана саналы шәкірт тәрбиелей аламыз

Мегаполистегі жекеменшік мектептердің білім беру сапасы шаһар басшысы М.Әйтеновтің жіті бақылуында. Бүгін ол Тассайдағы биыл ашылған “Зияткер Тұран” мектебіне барды. Білім ошағы 816 орынға лайықталып, 3 қабатты типтік үлгіде салынған. Қазір мұнда 340 оқушы 1 ауысымда оқуда. Мұнда 260 балаға арналған асхана, акт залы, шеберхана, компьютер сыныбы, спорт зал, жалпы оқу кабинеттері қарастырылған.  Аралау барысында М.Дүйсенбекұлы: “Кәсіпкерлердің білім саласындағы инвестициялары бұл салада бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. Ал, бәсеке сапаны арттырары анық. Сапалы біліммен ғана саналы шәкірт тәрбиелей аламыз”,-деді.

Аталған білім ошағы Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабы, 301/3 ғимаратта орналасқан. Бүгінгі таңда жан басына қаржыландыру жүйесімен Шымкентте 31 225 оқушы 87 жекеменшік мектепте дәріс алуда. Ал мемлекеттік 151 білім ұясында оқитындар саны биыл 21 6735-ке жетті.

Ел президенті маңызды мәселелердің бірі – білім беру жүйесі туралы өз жолдауында айтып өтті. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button