Кәсіподақтар орталығында «татуластыру орталығының» жұмыстары туралы түсіндірме берілді

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Жарқынбек Құрманбеков пен Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «ЯНС 2» автокөлік мекемесі ұжымында кезекті кездесуді өткізді. Кәсіподақ активімен өткізілген жиында еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету жөніндегі мәселелер қозғалды. Жиында кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбеков Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан еңбек адамын ұлықтау, жалақыны индексациялау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, кәсіподақтар орталығында Заң клиникасы мен «Татуластыру орталығының» жұмыстары туралы түсіндірме беріп, арнайы жадынаманы таратты.
Серіктестіктің жұмысына тоқталсақ, бүгінгі күні тіркелгені 40 жұмысшы, оның ішінде 32-сі жүргізуші болып жұмыс атқаруда. Барлығы кәсіподақ мүшелері. Жүргізушілер екі ауысым бойынша 7-8 сағат жұмыс жасайды. Жұмыс істеудің мұндай тәртібі қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді және қалыпты еңбек жағдайларын жасайды.
Ал, қатысушылар тарапынан кездесуге қатысты сұрақтар қойылып, әрқайсысы өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарына толыққанды жауап алды. Әрі қарай кәсіподақ активі жүргізушілердің жұмыс жағдайымен танысты.
Сондай-ақ, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбеков, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қалалық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті. Жиын барысында еңбек ұжымының өзекті мәселелері талқыланып, коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбеккерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты еңбек ақыға қатысты мәселелері жайлы сөз өрбіді.



