BasNewsЖаңалықтар

Астанада 18 жасар жасөспірім 24-қабаттан секіріп кетті

Астанада 18 жастағы жасөспірім 24-қабаттан секіріп кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

31 қазан күні «Есіл» аудандық полиция бөліміне сағат 19.30 шамасында Қабанбай батыр даңғылының бойында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті.

Тексеріс барысында бұл факті расталды. Полицейлер ер адамның кім екенін анықтады. Ол 24-қабаттан секіріп кеткен 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button