BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда шетелдік университеттердің филиалдары ашылады

Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақст шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Саясат Нұрбек жоғары білім беруді интернационалдандыру мәселелеріне тоқтала кетті.

Министр баяндамасына сәйкес елімізде келесі шетелдік университеттердің филиалдарын ашу жоспарлануда:

  • Хериот Ват университеті (Ұлыбритания) – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында.
  • Калгари университеті (Канада), Вагинген университеті (Нидерланды) –  Шәкәрім университеті базасында;
  • Берлин Техникалық Университеті (ГФР) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында;
  • І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм саласындағы шетелдік жоғары оқу орнының филиалы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button