BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысында жұмысшы қаза болды

Ақмола облысында жұмысшы қаза болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 27 қазанда Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалып, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі абайсызда әріптесін экскаватор шөмішімен жарақаттап алғанын айтқан.

Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды.

Осы дерекке сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша соталды тергеуді бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button