BasNewsЖаңалықтар

Таразда жасөспірім көлік айдап, жол апатын жасады: 14 жастағы бала көз жұмды

Таразда 15 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін сұраусыз алып, көлік апатына түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz

Жамбыл облысы полиция департаменті мәлімдеуінше, апат Тараз-Айша бибі автожолында болған. Көлікте тағы үш бала болды.

Кәмелет жасқа толмаған жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, ағашқа соққан.

«Апат салдарынан 14 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. Қалған үш жасөспірім ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Полиция ҚР ҚК 345 бабы, 3 бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Back to top button