BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбелік әйел баласын бөтен адамдарға қалдырып кетіп, сол күйі оралмаған

Ақтөбе қаласында белгісіз әйел кәмелетке толмаған ұлын бөтен адамдарға қалдырып, өзі сол күйі оралмаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.

3 қараша күндізгі сағат 11.00 шамасында белгісіз әйел Нариманов көшесіндегі үйдің тұрғындарына дүкенге барып келемін деп баласын қалдырып кеткен. Бірақ өзі сол күйі қайтып оралмаған.

Осы мекенжайға ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Олар бүлдіршінді Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырды.

Бала шамамен 3-4 жаста, есімі Аңсар.

Полиция баланың туыстары жайлы қандай да бір мәлімет болса, 8-771-785-10-58 нөміріне немесе 102-ге хабарлауды сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button