BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 5 қарашада Қазақстанның төрт өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. Атап айтқанда, қалың қар түсіп, қатты жаңбыр жауып, тұман түсетіні, көктайғақ, боран болатыны болжанады, – деп хабарлайды Basnews.kz.

 

«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік батыстан шығыстың солтүстігіне қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, түнде өңірдің солтүстік шығысына қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда қар жауып, көктайғақ болады, қар ұшқындайды деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз, тіпті 23-28 м/с жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button