BasNewsЖаңалықтар

Иран Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді

Иран Қазақстан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді.

Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, Қазақстан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режимді Иран үкіметі 2022 жылдың 11 қарашасынан бастап енгізген. Ол қазақстандықтарға алты ай бойы Иранда үш рет 14 күн визасыз жүруге рұқсат береді. Бірақ үш айда Иранда  42 күннен артық бола алмайсыз.

Бұған дейін Қазақстан Қытай, Иран және Үндістан азаматтары үшін визасыз режим ашқан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button