BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбеде бассейнге баратын жүздеген балаға бөртпе шығып, жөтеле бастады

Ақтөбеде ата-аналар қаладағы ең үлкен бассейнді тексурді талап етіп отыр. Сол бассейнге барғаннан кейін біраз уақыттан кейін балалардың үстіне бөртпе шығып, біртүрлі жөтел пайда болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл – Ақтөбедегі ең үлкен бассейн. Мұнда 800-ге жуық бала жаттығады: 200 бала төрт ауысымда. Ата-аналардың айтуынша, бұған дейін мұндай жағдай болмаған. Бірақ мамыр айында көптеген аллергияға ұқсас белгілер пайда болды, деп мәлімдеді КТК тілшілері.

Ата-аналар бөртпе мен құрғақ жөтел күшейе бастағанын айтады, қазір сол бассейнге баратындардың барлығы дерлік ауырып жүр. Ата-аналар ауру себебі суда деп отыр.

«Балам қатты аллергиядан қиналып жүр. Мамыр айынан бастап бөртпе пайда болды. Біз қазір ем алып жатырмыз, бірақ ол көмектеспейді. Бір айдан бері көптеген ата-ана балаларының жүрек айнығанын айтады. Балаларда суға түскеннен кейін аузында хлор, хлор дәмі қалады, құрғақ жөтел, тітіркену, жүрек айну пайда болды. Бұл белгілер балалардың барлығында дерлік кездеседі екен», – деді Динара Кутугаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button