BasNewsЖаңалықтар
Елордада аялдамадан ер адамның денесі табылды
Елордада автобус алдамасынан ер адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Бүгін сағат 8:20 шамасында «102» каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» сауда үйі» аялдамасында адамның қозғалыссыз жатқаны туралы қоңырау түседі.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 51 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Зорлықпен өлтіру белгілері болмаған. Қажетті сараптамалар тағайындалды.



