BasNewsЖаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда түрмеде төбелес болып, бір адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ түзету мекемесінде сотталғандар арасында төбелес шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«9 қараша күні №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталған екі адам арасында төбелес болған.Төбелес кезінде сотталғандардың бірі екіншісінің басын болжам бойынша балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан 46 жастағы сотталушы Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимастан көз жұмды», – делінген хабарламада.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button