BasNewsЖаңалықтар

Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген

Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер мәліметінше, Панфилов аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ер адам үйін өртеп жіберген белгісіз біреуге шара қолдану туралы жазбаша өтінішпен жүгінген. Жәбірленуші алдын ала шығынды 25 миллион теңгеге бағалаған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қасақана өрт қойды деген негізді күдікке ілінген 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті осы үйде тұратын қызды танитын болып шықты. Ол оның телефон қоңырауларына жауап бермеген, бұл оның ашуын және қызғанышын тудырған. Артынша ол үйге жасырын кіріп, оны ішінен өртеп жібереді. Өрт оқшауланып, көрші үйлер мен тұрғын үйлерге таралу қаупі жойылған», – деді полициядағылар.

Дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі «Қасақана өрт қою» бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Ұсталғанға қатысты «келуге міндетті» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Back to top button