BasNewsЖаңалықтар

Ыстамбұлда жарылыс болды, зардап шеккендер бар

Ыстамбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды, зардап шеккендер бар, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі NTV сайтына сілтеме жасап.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы жарылыстан 6 адам қаза тауып, тағы 53 адам зардап шеккенін мәлімдеді.

Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өрт сөндірушілер келген.

Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды. Жарылыс себебі әзірге белгісіз. Бастапқыда кейбір БАҚ-тар 11 адам зардап шеккенін хабарлады.

Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста.

Back to top button