BasNewsЖаңалықтар

Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Қазақстанда 60 адамнан – коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталған.

16 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан – 584 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 163 (КВИ-), барлығы 747 науқас емделіп жатыр. Олардың ішінде 86 пациент стационарда, 661-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 5 адамның жағдайы ауыр;

– 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;

– 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Back to top button