BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны көлік қағып кетті

Алматы облысы Шелек ауылында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

«16 қарашада сағат 14:00 шамасында 34 жастағы «Honda Avancier» маркалы автокөлік жүргізушісі Шелек ауылы, Б. Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, аталған көшені жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды», – делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Back to top button