BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір әйел қаза тапты
19 қарашада «Самара-Шымкент» тасжолында жол апаты болып, бір әйел қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Kia Rio көлігінің 58 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдын шетіне шығып, аударылған.
Жол апаты салдарынан 64 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші жұбайымен ауруханаға жеткізілді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті өкілдері ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады.
«Осыған байланысты елді мекендерден тыс жерлерге алыс сапарларға шықпау ұсынылады. Егер сапарға шықсаңыз, жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет», – деді Ақтөбе облысы ПД ЖПКБ рота командирі Артур Абдрешов.