Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды: Тоқаев 81,31% дауыс жинаған
Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президент сайлауы бойынша алдын ала нәтижесі шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бүгінде дауыстарды санау аяқталған. Сайлауға құқылы 11 953 465 адамның 8 300 046-сы дауыс берген.
ОСК нәтижесі бойынша:
Қарақат Әбден – 2,06 пайыз дауыс (206 206);
Нұрлан Әуесбаев – 2,22 пайыз дауыс (176 116 адам);
Жигули Дайрабаев – 3,42 пайыз дауыс (271 641 адам);
Мейрам Қажыкен – 2,53 пайыз дауыс (200 907 адам);
Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31 пайыз дауыс (6 456 392 адам);
Салтанат Тұрсынбекова – 2,12 пайыз дауыс жинады (168 731 адам).
460 484 адам не 5,08 пайыз адам бәріне қарсы жауап берген.
Еске салайық, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Exit-poll нәтижесі бойынша, оның ішінде, «Ашық қоғам» институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша кезекті exit poll қорытындысы бойынша:
Қарақат Әбден – 2,54 пайыз дауыс;
Нұрлан Әуесбаев – 2,17 пайыз дауыс;
Жигули Дайрабаев – 3,33 пайыз дауыс;
Мейрам Қажыкен – 2,23 пайыз дауыс;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45 пайыз дауыс;
Салтанат Тұрсынбекова – 2,08 пайыз дауыс жинады.
5,2 пайыз адам «бәріне қарсы» дауыс берген.
Ал «Қоғамдық саясат» институты деректері бойынша:
Қарақат Әбден – 2,61 пайыз дауыс;
Нұрлан Әуесбаев – 1,93 пайыз дауыс;
Жигули Дайрабаев – 2,67 пайыз дауыс;
Мейрам Қажыкен – 2,43 пайыз дауыс;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 85,52 пайыз дауыс;
Салтанат Тұрсынбекова – 1,44 пайыз дауыс жинады.
3,40 пайыз адам бәріне қарсы жауап берген.