СЫНДАРЛЫ СӘТТЕГІ ХАЛЫҚТЫҢ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУЫ
Туған ел
Ел болашағы
Сындарлы сәт
Сын сағаттағы маңызды қадам
Сайлауға келген әр адамның көзінен осы көріністі көргендей болдым. Әр сайлаушының сайлауға оң көзқараспен келуі, жанарының жарқылы, нық басқан қадамы өз таңдауын толық жасап келгендігін көрсетіп тұрды.
«Дүниежүзілік сәбилер» күнімен тұспа-тұс келген бұл сайлаудың ерекшелігі – келушілердің сәби көңіліндей таза ниетінен болар, сайлау жайма-шуақ бір қалыпта, жылы да жақсы атмосферада өтті.
Дауыс беруге көптеген тұрғындардың отбасымен келуі, зиялы қауым өкілдерінің, жалпы жұртшылықтың асқан жауапкершілікпен қарауы көңіліме қуаныш ұялатты.
«Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген осы емес пе? Ынтымағымыз ырысты болып, халық таңдауы қателескен жоқ.
Халықтың осындай ықыласымен, таза көңілімен, жасаған дұрыс таңдауымен келген елдің жеңісі құтты болсын!
Еліміз тағы бір белестен өтіп, асқар шыңдарға қол созбақ. Ендігі кезекте әділ мемлекет басшысымен Әділетті Қазақстанды бірге жасайық, болашаққа бірге қол созайық.
Кеше ел тарихында тағы бір маңызды кезең орын алып, ол болашақ ұрпақ санасына өшпейтін із қалдырып, алтын әріптермен жазылмақ.