BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан 7 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе-Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.