BasNewsЖаңалықтар

Жетісу облысында ер адам өзінің 10 жыл құлдықта болғанын айтты

Жетісу облысы Қаратал ауданының тұрғыны өзінің 10 жыл бойы жергілікті шаруаның еңбек құлдығында болғанын айтып видео түсірген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында ол кішкентай қызымен өзін құлдықта ұстағандардан қашып кеткенін айтты. Үндеуінде ол қазір қожайындарынан жасырынып жүргенін айтып, тәртіп сақшыларынан құжаттарын қайтаруға көмектесуін сұрайды.

«Егер мен қайтып ол жерге баратын болсам, барлығы қайталануы мүмкін. Тағы да мәжбүрлі түрде құлдыққа алып қалады деп қорқамын. Қызым екеуміз қалыпты өмірге кірісуіміз үшін құжаттарды қайтаруға көмектесіңіздер», – дейді ер адам видео үндеуінде.

Полицейлер бұл бейнежазбаның назарға алынғанын және қазірдің өзінде Қаратал аудандық полициясында ресми тіркелгенін айтты.

«Қазір факті бойынша ақпарат тексерілуде. Біз ер адамнан бізге хабарласып, тиісті айғақ беруін сұрадық»,-  деп хабарлады Жетісу облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Облыстық департамент тексеру қорытындысы бойынша қосымша ақпарат кейінірек берілетінін түсіндірді.

Back to top button