BasNewsЖаңалықтар

Елімізде алдағы күндері минус 29 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда алдағы үш күнде 20-29 градусқа дейін аяз болады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Самара аудандарынан жылжыған циклон жырасымен республиканың басым бөлігінде қар жауады деп болжануда, батыс және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде, 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада шығыста қатты қар жаууы ықтимал.

«Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде. Кезеңнің соңында Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклонның енуімен республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстік, шығыс және орталықта ауа температурасы түнде және күндіз 20-29 аязға дейін күрт төмендейді деп болжануда», – делінген хабарламада.

Back to top button