BasNewsЖаңалықтар
Еуропа парламенті: «Ресей — терроризмді демеп отырған мемлекет»
Еуропа парламенті Ресейді “терроризмді қолдап отырған мемлекет” деп таныды, – деп хабарлайды Basnews.kz Reuters-тың хабарына сүйеніп.
“Ресейдің Украинаның бейбіт халқына қасақана жасаған шабуылдары мен қатігездігі, инфрақұрылымдарын қиратқаны және адам құқығы мен халықаралық құқықты өрескел бұзғаны терроризм болып есептеледі”, – делінген парламент резолюциясында.
Reuters-қа сенсек, парламент шешім шығара отырып Ресейді сөз жүзінде айыптағаны болмаса, іс жүзінде оған ештеңе істей алмайды, яғни “лаңкестерді қолдап отырған” мемлекетті жазаға тарта алмайды.