BasNewsЖаңалықтар
Елордада оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқуға ауыстырылды
Астана қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылардың қашықтан оқуға ауыстырылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұған синоптиктер Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтілетінін мәлімдеген еді.
«Ауа райының бұзылуына байланысты 28 қарашада бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылады», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар аймақта 15-20 метр секундына жылдамдықпен жел соғады.