Шымкент: 2022 жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджеттің жоспары 106% пайызға орындалуы жоспарлануда

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов брифинг берді.
Бүгінгі біздің кездесуіміз Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, кіріс көздерінің түсімдері, Мемлекеттік қызмет көрсету, Камералдық мониторинг және Өндірістік емес төлемдер бағыты бойынша, ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыс нәтижелеріне арналып отыр. Салық органдарының басым міндеттерінің бірі салық төлемдерінің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы бюджет қазынасына 341,5 млрд. тг түсім түсіп, жоспар 109%-ға қамтамыз етілді, немесе түсімдердің өсу қарқыны 155% ке артты.
Оның ішінде:
– салықтық түсімдердің жоспары 106% пайызға немесе 25,8 млрд.тг артығымен қамтамасыз етілді;
– ал, кедендік салықтар мен төлемдер 102% пайызға немесе 508,3 млн.тг артығымен орындалды.
Салықтық және кедендік әкімшіліктендіру жұмыстарының нәтижесінде: бюджетке 29,4 млрд.тг. қосымша резервтер өндірілді. Оның ішінде:
– Республикалық бюджет – 21,0 млрд.тг;
– Жергілікті бюджет – 8,4 млрд.тг.
2022 жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджеттің жоспары 106% пайызға орындалуы жоспарлануда, Бекітілген 404,9 млрд.тг. жоспарға, 427,4 млрд. тг түсім күтудеміз. Түсімдердің өсу қарқыны 147% пайызға немесе 136,1 млрд. тг артатын болады.
Жалпы, салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда, олардың бірі камералдық бақылау жұмыстары болып табылады. Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады. Бұзушылықтар анықталған кезде, салық төлеушлілерге өз бетінше жою құқығын беру мақсатында хабарламалар жібереді. Департамент тарапынан, ағымдағы жылдың 10 айы көлемінде, барлық салық түрлері бойынша, бұзушылық сомасы 563, 6 млрд.тг құрайтын 20 837 хабарлама жолданылған. Бүгінгі таңға салық төлеушілерде анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою арқылы, қосымша айыпұлдар есептелінбей, 4 624 хабарлама орындалып, 2,1 млрд теңге өндірілді. Одан бөлек, бұзушылық сомасы 353,3 млрд. тг құрайтын 12 213 хабарлама орындалып, нәтижесінде 21 млрд. теңге өндіріліп отыр.



