BasNewsЖаңалықтар
Астанада апатқа байланысты 230-дан астам үй газсыз қалды
Елордада 28 қарашада сағат 18:40-та «Газовик» ЖШС-ның құрылыс техникасы жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде орташа қысымды газ құбырын зақымдаған. Салдарынан «Көктал-1» ауданында газ беру қызметі толығымен тоқтатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдай Шұғыла көшесінде орын алған. Зақымданған газ құбыры ГРПШ-14,15,16-ны табиғи газбен қамтамасыз ететін.
«236 абонент газсыз қалды. Апаттың салдарын жою жұмыстары аяқталғаннан кейін газ беру қызметі қайта қалпына келтірілетін болады», – делінген хабарламада.
Компания зардап шеккен аудан тұрғындарынан апаттық кранды жабуды сұрады.