BasNewsЖаңалықтар

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» 1-3 желтоқсан күндеріне арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» таратқан ақпаратқа сүйенсек, кезекті антициклонның жылжуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде
ауа температурасының төмендеуі күтіледі, осыған байланысты батыста,
солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында оңтүстік
циклонның шығуы өз әсерін сақтайды, сонымен байланысты жауын-шашын
әкеледі, негізінен қар түрінде, 1 желтоқсанда оңтүстік пен оңтүстік-
шығыстың таулы аймақтарында, 2 желтоқсанда атмосфералық фронттардың өтуімен шығыста қалың қар жауады деп күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман, көктайғақ; шығыста және орталықта – боран», – делінген ақпаратта.

Back to top button