Жаңалықтар

Жас ақындарымыз шымқаламыздың абыройын асқақтатып биікке көтерді

Шымкент қаласы білім басқармасының «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» «Жас тұлпарлар жырлайды» атты республикалық жасөспірімдер айтысына қалалық іріктеуден өткен оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді. Шымкент қаласы Білім басқармасы «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» «Жас тұлпарлар жырлайды» республикалық жасөспірімдер айтысының қалалық кезеңін өткізді. Қалалық кезеңнен Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің 5 сынып оқушысы Сапархан Аллажар мен №133 жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Абдрайм Бағдат іріктеліп республикалық кезеңге жолдама алды. 2022 жылы 28-қазан күні Түркістан қаласында республикамыздың түкпір-түкпірінен қалалық, аудандық кезеңдерден іріктеліп алынған жас ақындарымыз өз бақтарын сынға салды. Нәтижесінде Сапархан Аллажар І орынды иеленіп тұлпар мінсе, Абдрайм Бағдат ІІІ орынды иеленіп киелі домбыраны сыйға алды. Жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды. Жас ақындарымыз Шымқаламыздың абыройын асқақтатып биікке көтерді.

Қазіргі заманғы қосымша білім беру қазақстандық білімге «сапаға салмақ» беріп қана қоймай, сонымен қоса ол бейресми білім беру тұжырымдамасын – қазіргі жас адамның өмірінде оқытудың жетпіс пайызын құрайтын әлемдік практиканың трендін іске асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру саясаты тұрғысынан қосымша білім беру ауыл мектептерінің оқушылары мен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім алуы мен әлеуметтік жетістіктері үшін балама мүмкіндіктер ұсына отырып, білім беру теңсіздігін азайтудың пәрменді құралы болуға тиіс.

Баршаңызға аян, қосымша білім беру елімізде қос бағытта жүзеге асып жатыр. Біріншісі, айталық, баланың өнер саласына кәсіптік бағытта бір мамандыққа әуестігі болса, оны осы салаға бейімдейміз. Бұл – баланың ән айтуға не биге, аспапта ойнауы не болмаса, безендіру, бейнелеу өнеріне деген құмарлығы. Екінші жағынан, кәсіби тұрғыдан балаларды экономикалық ахуалға сәйкес, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жол ашамыз. Әдетте оқушы баланың бойындағы 12-14 жас шамасында туған әуестік не қабілет, егер оған дем беріп жіберетін болсақ, оның болашағына жол ашады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button