Жаңалықтар

Шымкент: Мектептегі дебат қозғалысын дамыту мақсатында турнир өтті

Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу орталығының ұйымдастыруымен №41 мектеп –лицейі базасында «Мен өз елімнің азаматымын!» атты тақырыбында дебат турнирі өтті.

Мақсаты: мектептердегі дебат қозғалысын дамыту және өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру.Турнир АПФ фарматында өтті, №24,№25,№38,№41 мектептер қатысты.

Пікірсайыстың қорытындысы бойынша:

І орын- «Жас дарын» фракциясы №41 мектеп –лицейінің білім алушылары Жұманазар Бағжан, Исменбетова Қарлығаш;

ІІ орын- «Ұшқын» фракциясы №38 мектеп-гимназиясының білім алушылары Алпысбай Кәмшат, Жандарбек Тамирлан;

ІІІ орын- «Рухты болашақ жастары» фракциясы №24 ІT мектеп-лицейінің білім алушылары Орал Ерасыл, Сұлтан Ақниет және «БНЛ» фракциясы №25 мектеп-гимназиясының білім алушылары Сейтбек Ақниет, Жақсыбекова Сымбат

Пікірсайыс соңында төреші Құнанбек Жеңіс «Болашақ» пікірсайыс орталығының аға буыны өз сөзінде өнерін жоғары бағалап, оқушыларға алдағы пікірсайыстарда сәттілік тіледі. Пікірсайыс ойыны ол бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеуге, қаншалықты шынайы ақпарат егендігін негізге ала отырып шешімдерін қабылдаймыз. Пікірсайыс (дебат) – бұл негізгі ережелері бойынша жүргізілетін дисскусияның негізгі формасын ұсынатын интеллектуалды, ұтымды ой, үздік образ, шешендік сөздер тудыратын, ораторлық қабілет пен ойлау жүйесін дамытатын дарындылар ойыны, тұжырымды ой түйісетін, салиқалы пікір айтылатын жиын. Пікірсайыстарда жетістіктерге жету үшін өзіндік көзқарас, мықты мінез, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге жетелейтін ұмтылыс маңызды болып табылады. Пікірсайыс – жетістікке жетудің бірден бір құралы. Ойды жүйелеп, өткір сөйлеп қана қоймай, тыңдап, талдап, эмоцияны ақылға билету, мәселенің мәнін ашып, әр тарапты түсіну мүмкіндігін де береді. Сонымен қатар ол – тәртіп пен тәрбие. Бұл ойында пікір таластыра, сөз жарыстыра отырып, тәртіп сақтауды үйренесіз. Дебатқа қадам басқан күннен бастап сөйлеу әдебіңіз сыпайылық түріндегі «Сіз» сөзіне ауысып, айналаңыздағы адамдарға «ханым, мырза» – деп құрмет көрсетуге дағдыланасыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button