BasNewsЖаңалықтар
Елімізде бір тәулікте 162 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 162 адам коронавирус жұқтырды. Алдыңғы күні 167 адамнан коронавирус анықталған еді, – деп хабарлайды Basnews.kz.
2 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 205 адам коронавирус инфекциясынан (–1 023+ және 182 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 172 пациент стационарда, 1 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.