BasNewsЖаңалықтар

Атырауда 8 жасар бала мұздай суға құлап кеткен достарын құтқарып қалды

Атырауда 8 жасар бала ойнап жүріп Жайық өзеніне құлап кеткен достарын құтқарып қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Желіде тараған видеодан үш баланың мұз үстінде жүргенін көруге болады. Бір сәтте мұз сынып, 14 және 9 жастағы екі бала суға құлап кеткен. Алайда Жаңбырбай Серікұлы достарының бірін судан шығарып алған. Кейін судан шыққан жасөспірім үшінші баланы құтқарып қалды.

Оқиға орнына келген полицейлер балаларды ата-аналарына тапсырды.

«Баламды ажалдан құтқарған Жаңбырбай Серікұлының әрекеті мен жанашырлығы үшін алғысымды айтуды жөн көрдім. Ол қорқып қашып кетпей, батыл әрекет етті. Қиналған жанға көмегін берген Жаңбырбайдың ата-анасына да ризашылығымды білдіремін», – дейді 9 жасар жасөспірімнің анасы.

Back to top button