Шымкент: Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларын насихаттау

Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Забадам елді-мекенінде жүргізілген түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары:
– «Жастар практикасы»;
– «Алғашқы бос жұмыс орны»;
– «Ұрпақтар келісім шарты» айтылды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасын көпшілік «Жастар практикасы» жобасымен шатастырып жатады. Мұндағы айырмашылық «Жастар тәжірибесінде» соңғы үш жылда жоғары оқу орнын тәмамдаған жас түлектерге 6 ай еңбек өтілін жинауға жолдама беріледі. Ондағы бекітілген жалақы мөлшері – 25 АЕК. Ал «Алғашқы жұмыс орны» аты айтып тұрғандай жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа дейінгі азаматтарға арналған. Екі бағдарламаның ұқсастығы болғанымен жалақы мөлшері және жұмыспен қамтылу уақыттарында айырмашылық бар. Жаңа жобамен жұмысқа орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.
Негізінде жұмыссыз адам тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті жұмыспен қамту орталығына барып тіркелгені тиімді. Ең әуелі орталық лайықты жұмыс іздестіріп, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Яғни жұмыспен қамтуға көмектесудің белсенді шаралары жөніндегі көрсетілетін қызметті тегін ұсынады. Жұмыссыз адамға кәсіп түрін таңдау немесе өзгерту, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жөнінде де тегін кеңес беріледі.
«Ұрпақтар келісімі» жобасы. Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде жұмыс берушілердің өтініштері бойынша Ұлттық жобаға қатысушыларды кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді қызметкер. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа алады, ал жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды 6 айлық жұмыс үшін жалақы. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда.
Сонымен қатар жастар ресурстық орталығының жұмыс барысымен мен бөлімшелері жайлы түсіндіріліп ақпараттандыру парақшалары таратылды.



