Бүгінгі саудада доллар арзандады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге төмендеп, 472,17 теңге болғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы сәл төмендеп, 7,52 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 67,68 теңгеге (-0,26) түсті.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 496,13 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 472,5-476 теңге, еуро 495-501 теңге, ресей рублі 7,2-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.
8 желтоқсандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы аздап көтерілді.
Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің құны 0,8%-ға өсіп, барреліне 77,79 доллар болды.
Қаңтардағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,87%-ға өсіп, 72,64 долларға жетті.