BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 200-ден астам адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 203 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы – 1 398 264 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 9 желтоқсанда КВИ-ден 1 667 адам (1 460 КВИ+ және 207 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
– стационарларда – 263 пациент бар;
– амбулаториялық деңгейде – 1 404 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
– ауыр халде – 7 пациент,
– аса ауыр халде – 5 пациент,
– ӨЖЖ аппаратында – 4 пациент бар.
7 желтоқсанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 13 жағдайы тіркелді.