BasNewsЖаңалықтар

Қарағандылық әйел шұжықтың ішінен тіс тауып алды

Қарағандылық әйел сатып алған шұжықтың ішінен тіс тауып алған. Әйел жағымсыз оқиға туралы «Новый вестник» газетінің тілшілеріне айтып берген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Бір күн бұрын сатып алған шұжықпен таңғы асқа бутерброд жасайын деп ойладым. Бутербродты жеп жатқанда, арасында біртүрлі үшкір зат барын байқадым. Кейін егеуқұйрықтың тісі екенін білдік. Оның көлемі адамның тісінен екі есе үлкен, сіріңке қорабының жартысындай. Жұтып қойсам не болатын еді? Кішкентай немерелеріме бермегеніме қуанып отырмын. Бұл менің сүйікті компаниямның өнімі еді. Осыған дейін барлық шұжық өнімдерін осылардан алатынмын», – деп жазды әйел.

Қарағандылықтың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ.

«Жақында мен 45-кварталдағы дүкеннен торт сатып алдым. Сол торттың кілегейінен ұзындығы үш сантиметрге жуық сым тауып алдым. Мен бәрін мұқият шайнау керек екеніне тағы бір рет көз жеткіздім. Енді мен шұжықтағы тістің ненікі екенін анықтайтын санитарлық қызметке барамын», – деп жазды пост авторы.

Back to top button