BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 жасар бала көз жұмды

8 желтоқсанда Ақтөбе облысындағы Самара – Шымкент тас жолында көлік апаты болып, салдарынан үш жасар бала қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі Хромтаудан Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылына қарай кетіп бара жатқан.

«Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік шұңқырға аударылып кеткен. Ол Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді, ал 3 жасар бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі сот-медициналық және автотехника сараптамалары тағайындалғанын атап өтті.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны мәлім болды.

Back to top button