BasNewsЖаңалықтар
Павлодарда өрт шыққан үйден 1 жасар сәбидің денесі табылды
Өрт Усолка шағын ауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында шыққан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 17.57-де 101 пультіне өрт туралы хабарлама түскен. Үйде ересектер болмаған.
— Оқиға орнына келгенде екі кресло, балалар орындығы, 4 шаршы метр алаңда палас, екінші қабатқа көтерілетін ағаш баспалдақ сатысы жанғаны анықталды. Барлау кезінде залда 2021 жылы туған баланың күйік шалған денесі табылды, — дейді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Тілекжан Галямов.
Тілсіз жау сағат 18.47-де жойылды. Өртті жою үшін жеке құрамнан бес техника мен 16 адам жұмылдырылды.