Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 13-15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы әлі де антициклон ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктерге байланысты қар, бұрқасын күтіледі. Еліміздің оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп болжанады.
«Ауа температурасы еліміздің солтүстігінде түнде 23-31 градусқа дейін аяз, күндіз 15-28 градусқа дейін аяз, орталықта түнде 18-33 градусқа дейін, күндіз 13-23 градусқа дейін аяз, шығыста түнде 25-34 градусқа дейін аяз, күндіз 20-30 градусқа дейін аяз, ал еліміздің батысында түнде 0-8 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градус аяз – 5 градус жылыға дейін төмендейді, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күрт өзгерістер күтілмейді, түнгі ауа температурасы 2-15 градус аяз болады, күндіз 7 градус аяз – 3 жылыға дейін аздаған жоғарылайды», – делінген хабарламада.