BasNewsЖаңалықтар
Жаңаөзенде Ұлттық ұланның әскери қызметкері асылып қалды
Жаңаөзенде келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер өз бөлмесінде асылып қалды. Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Lada басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Жаңаөзендегі Ұлттық ұланның 5548-әскери бөліміндегі жатақханада болған. 19 жастағы әскери қызметкер өз белдігіне асылып қалды.
«Ұлттық ұлан қатарында 2021 жылдан бері қызмет етеді. Ақтөбе облысынан келген. Келісімшарт бойынша сапер-маман болып жұмыс істеген. Оқиға туралы туыстарына ескертілді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз», – деді Ерлан Құтқожа.