BasNewsЖаңалықтар

Жетісу облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды

Жетісу облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 желтоқсанда сағат 07.40-та облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне Алакөл ауданы Достық-Үшарал тасжолының «Ырғайты» учаскесінде ауа райының қолайсыздығына – қарлы боран мен жол көрінбеуіне байланысты бірнеше көлік жолда қалып қойғаны хабарланған. Сағат 15.30-да Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері 14 автокөлік салонынан үш техникамен 24 адамды құтқарып, Үшарал мен Достыққа жеткізілді.

«Осымен бірге сол күні таңертең Достық-Үшарал тасжолында 15 желтоқсанда кешке қар құрсауында қалған үш көліктен Достық-Үшарал тасжолында тұрып қалған 6 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың ешқайсы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекті қажет етпеді», – делінген ведомство хабарламасында.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын алыс сапарға шығарда ауа райы жағдайларымен танысып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Back to top button