BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды

Қазақстанда 17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 140 адам коронавирус жұқтырған, бұл бір күн бұрынғыдан 63 адамға аз, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Сонымен бірге 17 желтоқсанда бірде-бір өлім дерегі тіркелмеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір 2 190 адам коронавирус инфекциясынан (328 пациент стационарда, 1 862 науқас амбулатория деңгейінде) емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 11 адамның жағдайы ауыр;
  • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 1 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр.
Back to top button