BasNewsЖаңалықтар
Павлодарда жасөспірім қыз терезеден құлап кетті
Павлодарда жасөспірім қыз терезеден құлап кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар полициясына бір қыздың құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған баланың құлап кеткенін көрді. Оқиға Н. Назарбаев даңғылы, 204 мекен-жайында болған”, – делінген хабарламада.
Кәмелетке толмаған қыз дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша полицияның баспасөз қызметі.